Қазақстан футзал қауымдастығында басшылық ауысты
Фото: KFF

Қазақстан футзал қауымдастығында басшылық ауысты

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті болып спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман тағайындалды, деп хабарлайды Anyqtime.kz порталы Қазақстан футбол федерациясы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Нұрсұлтан Құрман 2023–2024 жылдары қауымдастықтың вице-президенті қызметін атқарған. Ол кезде медиа стратегия мен коммуникацияға жауапты болған. 2025 жылдың қаңтарынан бастап Нұрсұлтан Құрман ҚФФ президентінің кеңесшісі ретінде жұмыс істеп, кейін Атқарушы комитет құрамына енген.

Спорт саласында тәжірибесі мол маман ретінде Нұрсұлтан Құрман отандық футбол және футзал жарыстарына ақпараттық қолдау көрсетіп, түрлі медиа жобалардың дамуына үлес қосты. Сонымен қатар, ұлттық турнирлерді ұйымдастыру және бұқаралық футболды дамыту ісіне де белсенді қатысқан.

Қауымдастықтың бұрынғы президенті Талғат Қосмұхамбетов енді вице-президент лауазымына ауысады.