«Ұлым үшін көтеріліске де шығамын»: Дидар Қалиахметтің ата-анасы сот шешіміне қарсы шықты
Дидар Қалиахметтің 7 жылға бас бостандығынан айырылғанына наразы ата-анасы сот үкіміне қарсы шығып, әділдік талап етуде, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Сот халықтың қысымымен шешім шығарды»
Сот үкімімен келіспейтін ананың айтуынша, шешімді мемлекет емес, қоғамның наразылығы шығарған. Ол баласының ешқандай зорлық әрекетке бармағанын, бейнематериалдарда да нақты дәлел жоқ екенін айтып, 5 миллион теңге өтемақы талап етілуімен де келіспейді.
«Менің балам ұрған жоқ, соққан жоқ. Не үшін өтемақы төлеуім керек? Бұл жерде әділдік болған жоқ», — дейді Дидар Қалиахметтің анасы.
Митингке шығуға дайын
Әділдік іздеген ана аппеляциялық соттан үміттенетінін айтып, шешім өзгермесе, бейбіт митингке шығатынын да жасырмады. Оның сөзінше, әкімдікке рұқсат алу туралы өтініш жазу да жоспарында бар.
Желіде екіұшты пікірлер
Бұл мәлімдемеге байланысты желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі ананың жанайқайын түсіністікпен қабылдаса, енді бірі соттың әділ шешім шығарғанын алға тартады.
«Халық айтса, қалып айтпайды», — деп жазғандар да бар, ал енді біреулер: «Шындық керек болса, 7 жыл емес, 15 жыл беру керек еді», — деп қатаң жазып жатыр.