Жапонияда ерекше әлеуметтік бастама – «OK Obaachan» жобасы іске қосылды. Бұл жоба арқылы азаматтар 60 жастан асқан әәі әжелердің көмегіне жүгіне алады. «Әжелер» тұрмыстық жұмыстарға көмектесіп, психологиялық қолдау көрсетеді, тіпті күрделі өмірлік жағдайларда жанында болады. Сағатына 3300 иен (шамамен 11 600 теңге) және жолақысы төленеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz порталы.
«Әжелер» тұрмыстық жұмыстарға көмектесіп, психологиялық қолдау көрсетеді, тіпті күрделі өмірлік жағдайларда жанында болады. Сағатына 3300 иен (шамамен 11 600 теңге) және жолақысы төленеді.
Жобаға қатысатын 100-ден аса зейнеткердің жасы 60 пен 94 аралығында. Олардың әрқайсысы — аспаздық, бала тәрбиесі, қарым-қатынас және басқа да салаларда мол тәжірибесімен ерекшеленеді. Кей клиенттер оларды отбасылық жанжал кезінде арағайын болу үшін немесе ата-анасына өз шындығын айту кезінде жанына серік етуге шақырады.
Бұл бастама Жапониядағы егде жастағы адамдардың еңбекке белсенді қатысуын да көрсетеді. Елде 65 жастан асқан 9,3 миллион адам зейнетке шықса да, жұмысын жалғастырып келеді.