Эсай Моралес: «Борат» фильмі – ұлттың намысына тиген ауыр соққы

11 шілде, 2025 / Ақбер Қуаныш
Фото: Comic Con Astana фестивалінің баспасөз қызметі

АҚШ-тың танымал актері Эсай Моралес Comic Con фестивалі аясында Астанада өткен баспасөз жиынында «Борат» фильміне қатысты ойын ашық білдірді. Оның айтуынша, бұл сатиралық туынды Қазақстанның шынайы болмысын бұрмалап, ұлттық намысқа ауыр тиеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz порталы.

– Бұл фильм мәдениетіңді дұрыс түсінбей, оны мазаққа айналдырған қоғамда өмір сүрудің қаншалықты ауыр екенін көрсетті. Мен де өз ұлтымның жиі бұрмаланып көрсетілген өкілімін. Сондықтан қазақстандықтардың қандай сезімде болғанын жүрегіммен сеземін, – деді актер.

Сонымен қатар, Эсай Моралес өзі де Қазақстан туралы алғаш рет дәл осы фильм арқылы білгенін жасырмады. Алайда ол елдің әлемге танылуы осындай даулы жолмен жүзеге асқанын өкінішпен атап өтті.

– Жараның бетін тырнағым келмейді, бірақ расын айту керек – «Борат» Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Бірақ бұл таныстырудың ауыр бағасы болды, – деп түйіндеді ол.

Тэгтер:

АҚШ Comic Con Astana Борат Эсай Моралес