Алдағы күндері елімізде найзағайлы жаңбыр мен аптап ыстық күтіледі

11 шілде, 2025 / Ақбер Қуаныш
Фото: Жасанды интеллект

12–14 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz порталы.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік пен шығыс өңірлерде жаңбыр күшейіп, бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-батысы және 12 шілдеде батыс аймақтарда ауа райы ашық әрі ыстық болады.

Ауа температурасы батыста 35–39 градусқа дейін көтеріледі. Кей жерлерде аптап ыстық 40–42 градусқа дейін жетеді. Оңтүстік-батыста 12–13 шілде күндері 39–44 градусқа дейінгі қатты ыстық күтілсе, 14 шілдеде 38–42 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Солтүстік аймақтарда керісінше, күн сәл салқындап, +15–23 градус аралығында болады. Шығыстағы орташа температура +22–30, ал оңтүстік өңірлерде 40–43 градусқа дейін қызуы мүмкін.

Мамандар желдің күшеюін де ескертіп отыр.

Тэгтер:

ауа райы ыстық Қазгидромет Жаңбыр Синоптик Шілде