Бағым Мұхитдинова Мөлдір Әуелбекованы кешіру оңай болмағанын айтты
Бағым Мұхитдинова бұрынғы келініне айналған Мөлдір Әуелбековаға қатысты ойын ашық жеткізді. Продюсер бұған дейін оны кешіре алмағанын мойындады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
«Кешіру оңай болған жоқ»
Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында Бағым Мұхитдинова әнші Мөлдір Әуелбековаға ұзақ уақыт реніш сақтап келгенін айтты.
«Мен оны ұзақ уақыт бойы кешіре алмадым. Қазір ара-қатынасымыз жақсы, хабарласып тұрамыз. Бірақ кезінде оның тарапынан көп сұхбаттар болды. Ол жерде «бәрі әділетсіз», «маған жала жабылды» деген сөздер айтылды. Осы жайттар мені қатты ренжітті», – дейді продюсер.
Қоғам не дейді?
Әлеуметтік желіде жұртшылық бұл жағдайды әртүрлі қабылдауда. Бірі продюсердің ашықтығына қолдау білдірсе, енді бірі марқұм күйеуі мен Мөлдір Әуелбекованың арасына қатысты түрлі болжамдар жасап жатыр.
Ресми растау болмаса да, желі қолданушыларының кейбірі олар арасында ерекше байланыс болғанын меңзейді.
Түсініспеушіліктер артта қалды ма?
Мөлдір Әуелбекова мен Бағым Мұхитдинова арасындағы өткен кикілжіңнің нақты себебі толық ашық айтылмағанымен, бүгінде екеуінің арасы қайта қалпына келген сыңайлы. Ал продюсер бұл әңгімені нүктелеп, өткенге баға бергендей.