Астанада Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Прокурор айыптау актісін жария етті, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Соттағы мәлімдемелер
Перизат Қайрат пен оның анасы өздеріне тағылған айыптармен келіспейтіндерін мәлімдеді. Қор құрылтайшылары қатарында болғаны үшін кінә тағылған Перизат:
«Айыптау актісіндегі уәждер негізсіз. Тергеу барысында қиялға құрылған тұжырымдар үшін мен жауап бере алмаймын», – деді.
Бәйбекке қатысты уәжі
Сотта Перизат Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Бәйбектен жауап алынуын сұрады. Оның айтуынша, аталмыш қор партия жанынан құрылған.
«Қордың құрылтайшыларын бірінші кезекте тергеген дұрыс. Айыптау актісінің алғашқы жолынан бастап мені және анамды қор құрды, құжаттармен манипуляция жасады деп көрсеткен. Бірақ шын мәнінде ол қор Бауыржан Бәйбек басқарып тұрған партияның жанынан құрылды. Құрылтайшылардың көбі – партия қызметкерлері, ал мен олармен бірге құрылтайшы ретінде тіркелмегенмін», – деді ол.
Сот процесінің жалғасы
Айта кетейік, Перизат Қайраттың ісі бойынша сот процесі бүгін басталды. Оған және анасына қаржылық заңбұзушылықтар бойынша айып тағылған. Соттың алдағы отырыстарында қорғаушы тарап өз дәлелдерін ұсынбақ.
Тағы оқыңыз: 10 млн теңге: Перизат Қайрат ісінде Геннадий Головкиннің аты аталды