Тоқаев Франция Президентін Ұлттық мерекемен құттықтады

Бүгін, 17:10 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция басшысы Эмманюэль Макронға Бастилияны алу күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Тоқаев жеделхатта Францияның саяси, экономикалық және мәдени бағыттарда жаһандық беделі артқанын атап өтіп, француз халқына өркендеу мен амандық тіледі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестіктің нығаюына Эмманюэль Макронның қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке Эмманюэль Макрон