«Баламның шынайы тілегі қабыл болды» – Тоқтар Серіков жүрек тебірентер сәтпен бөлісті
sn.kz

«Баламның шынайы тілегі қабыл болды» – Тоқтар Серіков жүрек тебірентер сәтпен бөлісті

Танымал әнші Тоқтар Серіков отбасылық өміріндегі ерекше әрі жүрекке жылу беретін оқиғасымен бөлісіп, көпшілікті тебірентті. Оның айтуынша, баласының шын көңілмен тілеген дұғасы қабыл болып, әйелі Бейбіт Сейдуалиева егіз ұлдарды өмірге әкелген, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме беріп.

Әнші бұл сәттілікке себеп болған жайтты өзі де күтпегенін жасырмады.

«Бір күні намаз оқып, дұға тілеп отырғанмын. Артымнан ұлым келіп, қасымда отырып алып ұзақ уақыт дұға етті. Менен де көп отырды. Кейін сұрасам: "Әке, егіз тіледім" деді. Мен де жай ғана "Әумин, балам" деп жауап бердім. Кейін бұл әңгімені ұмытып та кеткем. Арада бірнеше жыл өткен соң, Бейбітымның егіздерге аяғы ауыр екенін естідім. Ол сәттегі сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес», – дейді Тоқтар Серіков.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға бей-жай қарай алмады. Көпшілігі бала тілегінің қабыл болғанына қуанып, шынайы тілектің құдіретін сөз етті:

«Баланың жүрегі пәк қой, сондықтан дұғасы қабыл болған»,
«Нағыз жан тебірентерлік оқиға екен»,
«Саналы ұрпақтың ықпалы осындай болады», – деп жазды оқырмандар.

Бұл оқиға — отбасылық құндылық пен шынайы сенімнің өмірде орындалатынын көрсететін мысалдардың бірі. Тоқтар мен Бейбіт сынды танымал жұптың бастан өткергені көпке үлгі болары сөзсіз.