«Сахна мәдениеті қайда қалды?» – Қайрат Нұртастың қызы ел сынына ұшырады

Бүгін, 06:59 / Теңіз Тамшыбаев
Коллаж: Anyqtime.kz

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың қызы – Алау Нұртас әкесінің кезекті концерттік кешінде сахнаға бірге көтерілді. Әкесінің қолынан ұстап шыққан бойжеткен желіде үлкен сынға тап болды. Бұл туралы Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сахнадағы сәт – сынның басты себебі

Алау сахнада қолынан телефонын тастамай, көріністі бейнежазбаға түсіріп тұрған. Осы жайт желі қолданушыларының ашуын туғызды. Олар мұны сахнаға және көрерменге деген құрметсіздік деп бағалады.

«Телефон ұстап шыққаны несі? Әкесінің жанында тұрып түсіріп тұрғаны ерсі көрінеді», «Сахнада мәдениет болуы керек қой. Қолына микрофон алса, қосылып ән айтса жарасар еді», – деп жазды желідегілер.

Қайраттың риясыз көңілі мен жұрттың үміті

Көпшілік Қайрат Нұртастың қызына деген әкелік мейірімін құптағанымен, сахнадағы әрекетін қабылдай алмады. Кейбір пікірлерде: «Қызы сахнаға әкесінің еңбегін түсінбей шыққандай әсер қалдырады», – деген мазмұндағы жазбалар да бар.

Сонымен қатар: «Әкесінің жанында тұрғанда өнердің, сахнаның мәнін түсінсе жақсы болар еді», «Алуа жай ғана видео түсіріп емес, көрерменмен байланыс орнатуға тырысқанда, бұлай сыналмас еді», – деп өз ұсыныстарын да білдіргендер бар.

Алау Нұртастың әкесінің концерттік кешінде сахнаға бірге шыққан бейнежазбасы: ТикТок видео


Алау Нұртас: «Мені Қайраттың қызы деп қана танитындарға өкпелімін»

Айта кетейік, бұған дейін Алау Нұртас журналистерге берген сұхбаттарының бірінде өзін тек «Қайраттың қызы» деп атайтын адамдармен суретке түсуден бас тартатынын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, жеке тұлға ретінде қалыптасқысы келіп жүр және тек танымал есім арқылы бағалануға қарсы.

Осы пікір мен сахнадағы оқиғаны салыстырған кей желі қолданушылары Алаудың әкесінің абыройын толық сезінбей тұрғанын меңзеді. Десе де, оның өнер жолын таңдайтыны немесе өз жолымен жүретіні әзірге белгісіз.

Тэгтер:

Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртас Сахна мәдениеті Желі сыны Телефонмен шығу