Алматыда ер адам әйелінің әкесін көшеде бауыздап өлтіріп кетті
Алматыдағы Ремизовка ауданында ер адам қасақана әйелінің әкесіне суық қарумен шабуыл жасаған. Оқиға куәгерлері – сол маңда жүрген жасөспірімдер. Бұл туралы Anyqtime.kz тілшісі AstanaTV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Күдікті оқиға орнында ұсталды
Желіде тараған видеода ер адамның жерде жатқан кісіге бірнеше рет пышақ сұғып жатқан сәті анық көрінеді. Жасөспірімдер бұл сәтті ұялы телефондарына түсіріп үлгерген.
Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, Медеу аудандық полициясы Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен іс қозғап, күдіктіні "ізін суытпай" ұстаған. Ол қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жанжал салдары
Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адамдар арасында тұрмыстық жанжал кезінде ауызша кикілжің орын алған. Қылмыс дәл осы ұрыс-керістен кейін жасалған.
Жантүршігерлік оқиғаға куә болған жасөспірімдердің жағдайы жайлы ақпарат әлі жарияланған жоқ.