Семейде мүмкіндігі шектеулі жандар бастамасымен «Ауыл» партиясының жаңа ұйымы құрылды
Фото: "Ауыл" партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиал Баспасөз қызметі

Семейде мүмкіндігі шектеулі жандар бастамасымен «Ауыл» партиясының жаңа ұйымы құрылды

Семейде «Ауыл» партиясының жаңа мүшесі ретінде Ардақ Омардың қабылдануына орай бастауыш партия ұйымы ашылды. Бұл туралы Anyqtime.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстанның саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Семей аймақтық филиалын басқаратын Ардақ Омар «Ауыл» партиясының мүшелігіне өтіп, азаматтық қоғам мен саяси ұйым арасындағы жаңа серіктестіктің негізін қалады.

Партия өкілдерінің айтуынша, бұл қадам қоғамның әлеуметтік осал топтарының мүддесін қорғауға арналған жұмыстың бір бөлігі саналады. Жаңа бастауыш ұйымның негізгі мақсаты – белсенді азаматтарды қоғамдық істерге тарту, ұлттық құндылықтар мен ел бірлігін насихаттау, ауыл мен қала проблемаларын бірлесе шешу.

«Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалы Ардақ Омарды қатарға қосылғанымен құттықтап, қоғамдық қызметінде табыс тіледі.