«Өзімді қылмыскер сезініп тұрмын»: Перизат Қайрат пен есепшісінің жазысқан хаты сотта оқылды
Перизат Қайрат пен есепшісінің чаты. Коллаж: Anyqtime.kz

«Өзімді қылмыскер сезініп тұрмын»: Перизат Қайрат пен есепшісінің жазысқан хаты сотта оқылды

Перизат Қайрат пен оның есепшісінің арасында болған даулы хат алмасудың мәтіні бүгін сот процесінде жария етілді. Қолдан жасалған төлем құжаттары туралы әңгіме сотта негізгі айғақ ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

2024 жылғы 22 қаңтарда Перизат Қайрат: «Қап, өзімді қылмыскер сезініп тұрмын», — деп жазған. Бұл хатқа жауап ретінде есепші оған аудио хабарлама жіберіп, қолдан төлем қағаздарын жасау, оларды негізге алып есеп беру тәртібін түсіндірген.

«10 миллион ана жаққа, 10 миллион мына жаққа… Осы төлем қағазынан сүйеніп есеп шығарамыз, дұрыс қой?» — делінген хабарламада.

Сонымен қатар сотта "200-ді 170 қылып өзгертіңдер", "Бәрін бір сомаға болмайды, екі платежка жасау керек", "30 бен 80 қылып жіберіңдер" деген сияқты өзге де хат үзінділері жарияланды.

Айыптау қорытындысында, 200 мың және 198 600 доллар көлеміндегі аударым өтініштері фотополимерлі баспа әдісімен қолдан жасалғаны атап көрсетілген.