Қазақстанда 2025 жылдың алғашқы жартысында бала тууға және күтіміне 437 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді

17 шілде, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: qazaqstan.tv

Жыл басынан бері 437,7 млрд теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемдермен 369 мыңнан астам қазақстандық қамтылды. Бұл туралы Anyqtime.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл басынан бері 437,7 млрд теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемдермен 369 мыңнан астам қазақстандық қамтылды. Бұл туралы Anyqtime.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көмек кімдерге төленеді?

Бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақыны 2025 жылдың алғашқы алты айында 169,2 мың адам алды. Оның ішінде маусым айында 24,2 мың отбасыға 4,3 млрд теңге төленді. Бұл жәрдемақыға туған, асырап алған немесе қамқоршылыққа алған балалар үшін ата-аналар, қандастар мен елде тұрақты тұратын шетел азаматтары үміткер бола алады.

Күтімге байланысты төлемді әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын ата-аналар да ала алады. Мұндай көмек маусым айында 124,5 мың адамға төленіп, жалпы сома 3,6 млрд теңгені құрады.

Жәрдемақы мөлшері қандай?

Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері 2025 жылдан бастап 6,5%-ға өскен:

Ал бала 1,5 жасқа толғанға дейін ай сайын берілетін күтім жәрдемақысы:

Жұмыс істейтіндерге не төленеді?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін әйелдерге жүктілік пен босану, бала асырап алу жағдайында кірісінен айырылса, бір реттік және ай сайынғы төлемдер қарастырылған.

2025 жылдың алғашқы жартысында бір реттік жүктілік және босану төлемін 116 мыңнан астам әйел алып, жалпы сома 166,9 млрд теңгені құрады. Орташа төлем – 1,5 млн теңге.

Бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлем 129,2 мың адамға тағайындалды. Төлем мөлшері орташа айлық табыстың 40%-ына тең және әр балаға жеке есептеледі. Маусым айындағы орташа төлем – 89 881 теңге.

Тэгтер:

әлеуметтік төлем бала туу жәрдемақысы бала күтімі Еңбек министрлігі МӘСҚ