«Әйелдің әйелі еді»:: Абай Бегей марқұм жұбайын еске алып, көзіне жас алды
Әнші Абай Бегей актер Тәуекел Мүслімге берген сұхбатында өмірден озған алғашқы жұбайын еске алып, толқыған сәтін бөлісті. Сұхбат барысында әнші көз жасына ерік беріп, жұбайының ерекше жан болғанын айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Ozgeris.info сайтына сілтеме беріп.
«Алғаш қызды болдық. Ауылда қыз бала дүниеге келсе, көпшілік ұл күткендей болатын. Жас болған соң бәрін бірден ұға бермейміз. Бірақ “жаман” деген ой болған жоқ, Құдай сақтасын. Кейін 2002 жылы ұлды болғанымда қатты қуандым. Ал оның анасы... ол – әйелдердің ішіндегі нағыз әйел еді. Сабырлы, көп сөйлемейтін, жаратылысы бөлек жан болды. Анам да соны сезсе керек, сырқаттанып жүрген кезінде бар жағдайын сол кісіге тапсырды», – деді Абай Бегей.
Еске салсақ, әншінің бірінші әйелі 2015 жылы аяқасты қайтыс болған. Кейіннен Абай Бегей өзінен бірнеше жас кіші Фариза есімді арумен шаңырақ көтерді.