Қазақ колледждері шетелмен бірігуде: техникалық білім беру қалай интернационалдануда

17 шілде, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға бейімдеуді күшейтіп жатыр. Осы мақсатта он ірі халықаралық бастама қолға алынды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.

Бүгінде еліміздің 20-дан астам колледжі Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Грузия және Ресей елдерінің білім беру ұйымдарымен бірлесе жұмыс істей бастады. Қатысушы оқу орындары Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында орналасқан.

Көбі Қытаймен әріптестікке бет бұрған. Екі ел арасындағы келісімдер аясында Қазақстан-Қытай кәсіби колледжін ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған заманауи оқыту шешімдерін әзірлейтін KidsGo Technology Ltd компаниясымен де келісімге қол қойылған.

Оқу-ағарту министрлігі бұл жобаларды «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы маңызды серпіліс деп бағалап отыр. Ведомство өкілі Асет Мұханбетовтың айтуынша, бұл бастамалар түлектердің халықаралық еңбек нарығындағы орнын нығайтып, озық технологияларды енгізуге жол ашады.

Тэгтер:

техникалық білім халықаралық колледж Қазақстан-Қытай колледжі интернационалдандыру жұмысшы мамандықтар