АҚШ Қорғаныс министрлігі Илон Маск негізін қалаған xAI компаниясына жасанды интеллект жобалары үшін 200 миллион долларға дейін қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Бұған қоса, OpenAI мен Google сынды алпауыттар да мемлекеттік қолдауға іліккен. Бұл туралы Anyqtime.kz тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Пентагонның «Grok for Government» атты бастамасы аясында жасанды интеллект мемлекеттің барлау және қауіпсіздік саласында қолданылмақ. Жобаға тек АҚШ азаматтары қатыса алады. Бұл шешім xAI-дың Grok чат-боты жақында сынға ұшырағанына қарамастан қабылданып отыр.
Масктың компаниясынан бөлек, жасанды интеллектке арналған мемлекеттік келісімшарттар жалпы 800 миллион долларға жетіп отыр. Оған Google, OpenAI және Anthropic те кірген.
Айта кетейік, бұған дейін Илон Маск бюджет үнемдеуге көмектесетін «DOGE» деп аталатын үкіметтік бастама ұсынып, 190 миллиард доллар үнемдеуге уәде еткен. Енді ол керісінше, мемлекеттік қаржы алып отыр.