Астананы дамыту мен мемлекеттік қызметті оңтайландыруға қатысты заңға қол қойылды
Фото: Ақорда

Астананы дамыту мен мемлекеттік қызметті оңтайландыруға қатысты заңға қол қойылды

Президент астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту, кәсіпкерлік және ұлттық жобаларға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізетін заңға қол қойды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Құжаттағы түзетулер бірнеше бағытты қамтиды. Ең алдымен, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардың дамуы реттелмек. Сонымен қатар, жер заңнамасының кейбір тұстары нақтыланып, шетелдіктерді тіркеу жүйесі енгізіледі.

Кеден саласын жетілдіру, өкілеттіктерді орталықсыздандыру және заңнаманы жеңілдету де заңда қарастырылған.

Энергетика мен коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін ұлттық жобалар шеңберінде инфрақұрылым жаңғыртылады. Сондай-ақ, мемлекеттік аудит пен бағалау қызметіне қатысты нормалар да жаңартылды.

Заңның толық мәтіні жақын уақытта ресми басылымдарда жарияланады.