«Бәрін Алла үшін істейді»: Ерке Есмахан күйеуінің жомарттығын жайып салды
Әнші Ерке Есмахан жұбайы Раймның туыстарына көрсетіп жүрген көмегін алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Желі қолданушыларының сауалдарына жауап берген Ерке күйеуінің бай отбасынан шыққаны рас екенін жасырмады. Алайда Райм бұл байлығын елге жария қылуды қаламайтынын жеткізген.
«Ол дәулетті. Бірақ көзге көрсетпейді, мақтандырмайды. Мен кейде мақтанғым келеді. Бірақ ол рұқсат етпейді. Жақындарына көп сыйлық береді. Бір-бір машина алып берген. Мен "Жұрт Райм тек әйеліне береді деп ойламасын, туыстарына жасаған жақсылығын да көрсек" деймін. Ол келіспейді. Сондықтан “беріп жатырмын” деген пост күтпеңіздер. Ол бәрін Алла разылығы үшін жасайды», – деді әнші.