Сара Назарбаева өмірден өтті ме? Ресми расталмаған дерекке қоғам назар аударды
ашық дереккөзі

Сара Назарбаева өмірден өтті ме? Ресми расталмаған дерекке қоғам назар аударды

Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Назарбаева қайтыс болды деген ақпарат қоғамда кеңінен талқылануда.
Orda.kz порталының дереккөзіне сүйенсек, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы жұбайы Алматыдағы ұлттық госпитальда өмірді қамтамасыз ететін аппараттан ажыратылған. Алайда бұл ақпаратқа қатысты ресми растау әзірге жоқ.

Шұғыл ақпарат: "Сара Назарбаева тірі" – Telegram-арнада жаңа мәлімет тарады

Соңғы кездері Сара Алпысқызының денсаулығы нашарлап, Алматы қаласындағы Президент іс басқармасына қарасты Ұлттық медициналық орталықта ем қабылдап жатқаны айтылған.

Сара Назарбаева кім болған?

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Қазақстанның тәуелсіздігінен кейін 2019 жылға дейін елдің ресми түрде бірінші ханымы мәртебесін иеленді.

Ол – «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушысы және ұзақ жылдар бойы президенті болған. Сонымен қатар Австриядағы SOS Kinderdorf International ұйымының Қазақстандағы филиалы – «SOS балалар ауылдары» қорының да президенті атанды. Бұл мекемелердің түлектері Сара Назарбаева туралы жылы естеліктер айтып отырады.

Соңғы жылдардағы өзгерістер

2023 жылы жарық көрген мемуарында Нұрсұлтан Назарбаев Сараны «жалғыз жарым емес» деп сипаттап, Әсел Исабаевамен неке қиғанын ашық айтқан. Сол жылы Сара Назарбаева өз қыз кезіндегі тегі – Қонақайға ауысқан.

Ол бастамашы болған «Өзін-өзі тану» атты білім беру жобасы 2011 жылдан бастап еліміздің мектептерінде міндетті пән ретінде оқытылып келді. Алайда 2022 жылы бұл пән таңдау курсына (факультативке) ауыстырылды.