Астанадағы BaiQymyz фестивалінде 16 тонна қымыз ұсынылады

19 шілде, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: informburo.kz

Елордада өтетін «BaiQymyz» гастрофестивалі аясында 16 тоннаға жуық қымыз көпшілік назарына ұсынылады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

19-20 шілде күндері «Қазанат» ипподромында өтетін шараға Қазақстанның барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысады. Ұйымдастырушылардың болжамынша, фестивальге 50-60 мыңға дейін қонақ жиналуы мүмкін. Қонақтар екі күн бойы түрлі өңірдің қымызынан дәм татып, сусынның шипалық қасиеті мен дайындалу жолдарын таниды.

Фестиваль аясында «Ең үздік қымыз» байқауы өткізіледі. Жүлде қоры – 45 миллион теңге. Бірінші орынға – 20 млн, екінші орынға – 15 млн, үшінші орынға – 10 млн теңге берілмек.

Сондай-ақ, шарада жылқы тұқымдарының көрмесі, ұлттық спорт жарыстары, шеберлік сабақтары, ғылыми конференция және ат әбзелдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Ғалымдар мен дәрігерлер қымызды капсулалау, сақтау, ашыту сынды заманауи тәсілдер туралы баяндайды.

Тэгтер:

Астана BaiQymyz қымыз фестивалі қымыз байқауы жылқы көрмесі