Сайрамда 5 мың ірі қараға арналған кешен іске қосылды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Сайрамда 5 мың ірі қараға арналған кешен іске қосылды

Түркістан облысының Сайрам ауданында 5 мың басқа арналған ірі бордақылау кешені мен ет комбинаты іске қосылды. Жоба «KAZ ECO MEAT» компаниясы арқылы жүзеге асты, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Жалпы құны 8,5 миллиард теңгеге бағаланған кешен жылына 10 мың тонна ет өңдеуге қауқарлы. Мұнда Қытай, Беларусь және Түркиядан әкелінген заманауи құрылғылармен жабдықталған толық циклді өндіріс іске қосылған.

Бордақылау алаңында автоматтандырылған азықтандыру жүйесі орнатылған. Ал ет комбинатында қан мен сүйекті өңдейтін жабдықтар бар, яғни қалдықсыз технология қолданылады.

Кәсіпорын өнімдерін экспортқа бағыттауды көздейді. Еттің негізгі көзі — жергілікті фермерлер мен еліміздің солтүстігінен жеткізілетін ірі қара мал.