Тұрсынбектің жарының жүректі ауыртқан жазбасы елді алаңдатты

Бүгін, 22:27 / Теңіз Тамшыбаев
фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасына эмоциялық бейнежазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап.

Мөлдір Мұқанова жазба астына: «Кешірші десең де, жүрек бұрынғыдай соқпайды. Жара жазылса да, ізі қалады. Жүрек бәрін ұмыта алмайды. Себебі ол енді бұрынғы емес» деп жүрекжарды сөз қалдырған. Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызып, жұртшылық оның көңіл күйіне алаңдаушылық білдіруде.

Айта кетейік, бұған дейін продюсер өзінің марқұм анасының бейнесін жасанды интеллект көмегімен тірілтіп, көпшілікпен бөліскен болатын. Сондай-ақ, қызы екеуі түскен видеолары да әлеуметтік желіде жиі көрініп жүр.

Соңғы уақытта Мөлдір Мұқанова мотивациялық жазбаларымен де танылып жүр. Желіде жан сырын ашқан бұл видеосы оның ішкі күйзелісінен хабар бергендей әсер қалдырды.

Тэгтер:

Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желі Instagram жүрек жазбасы