Жеке мектептер жабылуы мүмкін: Мемлекеттік қаржыландыру кешігуі білім саласын тығырыққа тіреп тұр
standard.kz

Жеке мектептер жабылуы мүмкін: Мемлекеттік қаржыландыру кешігуі білім саласын тығырыққа тіреп тұр

Жазға дейін елімізде 50-ден астам жеке мектептің жабылуы мүмкін. Мұндай болжамды "Ұлттық мектептер" жобасының жетекшісі, "QAZBILIM GROUP" компаниясының басқарма төрағасы Аятжан Ахметжан білдірді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Alash.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мемлекет тарапынан бөлінуі тиіс қаржы жылдың басынан бері кешіктіріліп келеді. Соның салдарынан көптеген жеке білім беру мекемелері қаржылық қиындыққа тап болып, біртіндеп банкрот бола бастаған.

Кейбір мектептер ақпан мен наурыз айларындағы шығындарын қарыз алып жапқанымен, сәуірдегі міндеттемелерін орындауға қауқарсыз. Бұл жағдай ұстаздарға уақытылы жалақы төлеуге кедергі келтіріп, педагогтардың жаппай жұмыстан кетуіне әкелген.

"Мұғалімдерден айырылған мектептің ертеңі бұлыңғыр екені айтпаса да түсінікті", – дейді Аятжан Ахметжан.