Қазақстан мен Қырғызстан одақтастығын нығайтады
Фото: Ақорда

Қазақстан мен Қырғызстан одақтастығын нығайтады

Президент Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялады. Бұл туралы Anyqtime.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы қол қойған заң екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Құжаттың толық мәтіні жақын күндері баспасөз беттерінде жарияланбақ.

Бұл келісім тараптардың өзара сенімін арттырып, саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға жол ашады.