«Қанша рет ескерттім»: Назарбаев туыстарына неге ренжулі?
Фото: kaz.nur.kz

«Қанша рет ескерттім»: Назарбаев туыстарына неге ренжулі?

Экс-президент інісі мен жақын туыстарына қатты өкпелеп, ашуын жасырмаған. Бұл туралы дінтанушы әрі қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралы «Sadaq» медиа агенттігінің «Дүрбі» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Назарбаев 2014–2015 жылдардан бастап туыстарына ештеңеге араласпау туралы ескерту жасаған. Бірақ кейінгі жылдары, әсіресе COVID-19-дан кейінгі кезеңде және Болат Назарбаевтың жұбайы өмірден өткен тұста Елбасы жақындарын жинап, іште жиналған өкпесін жеткізген.

«Сол кездесуде Болат, Әнипа, Самат болған. Қайрат Сатыбалды ол кезде түрмеде еді. Елбасы “Сендер менің сөзіме қарсы келдіңдер. Атақты пайдаланып, сөз келтіріп жатырсыңдар. Жақсылық жасаудың орнына абыройымды түсірдіңдер” деп қатты ренжіген екен», – деді Бейбіт Сапаралы.