«Мен де адаммын, жүрегім ауырады»: Қайрат Нұртастың қызы қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: instagram.com/kaalau__/

«Мен де адаммын, жүрегім ауырады»: Қайрат Нұртастың қызы қазақстандықтарға үндеу жасады

Әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртас өзін сынағандарға Instagram арқылы үндеу жасады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жас қыздың жазбасына қарағанда, ол өзіне қарсы айтылып жатқан ауыр сөздерге реніш білдірген.

«Неге өз елімнің адамдары жек көріп, сөгіп жатады? Бұл – менің өмірім. Қандай болғым келетінін өзім шешемін. Сыртымнан тон пішпеңіздерші. Мен де адаммын, жүрегім ауырады», – деп жазды ол.

Алау Нұртас әлеуметтік желідегі стильді образдары мен жүріс-тұрысы үшін жиі сынға ілігеді. Алайда ол мұндай пікірлерге қарамай, өз жолымен жүретінін аңғартты.