Садраддиннің концертіне қайырымдылық ақшасы жұмсалды ма? Қор басшысының әрекеті күмән тудырды

15 мамыр, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
https://www.youtube.com/@Aii2020

Танымал әнші Садраддиннің соңғы концертіне "Елге көмек" қорының басшысы Ілияс Сариев қаржы бөлген болуы мүмкін. Бұл туралы Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Блогерлер мен кей сарапшылардың айтуынша, Сариев әншінің кешіне 50 миллион теңге көлемінде қаражат бөлген. Заңгер Нұрсұлтан Орынбектің сөзінше, Ілияс Сариев лудоманияға (құмар ойындарға) тәуелді болған және өнер сахнасына шығуды да армандаған көрінеді.

— Бұл кісі әнші болғысы келген дейді. Сол себепті өнер адамдарына жақындағысы келген шығар. Садраддиннің концертіне 50 миллион теңге бөлді деген ақпаратты естідім. Бұл жай сөз емес, жұрт арасында кеңінен айтылып жатыр. Сондықтан мұны тексеру қажет. Егер қаржы қайырымдылыққа жиналған қаражаттан бөлінсе және бұл ресми дәлелденсе, онда әншінің заң алдында емес, ар-ұят алдында жауап беруі маңызды, — деді заңгер.

Айта кетейік, Ілияс Сариевке қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда ол тергеу изоляторында отыр. Алматы қалалық ПД мәліметіне сүйенсек, Сариев ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған. Қазірдің өзінде 30-дан аса азамат жәбірленуші ретінде танылған.

Тэгтер:

Садраддин концерт Ілияс Сариев Елге көмек қоры қайырымдылық ақшасы