Тоқаев Корея Президентінің шақыруын қабыл алды
Қазақстан мен Оңтүстік Корея президенттері телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. Сауда, білім, медицина мен өнеркәсіп салаларындағы жобаларға басымдық берілді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң қазақ-корей байланыстарын дамытуға ниетті екендерін нақтылады. Олар әсіресе экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты жандандыруға басымдық беретінін атап өтті.
Корея Президенті Тоқаевты Сеулге ресми сапармен шақырды. Қазақстан басшысы бұл ұсынысты қуана қабыл алып, келесі жылы өтетін «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысатынын айтты.