Жарты жылда 32 жаңа спорт нысаны ашылды
Фото: rutube.ru

Жарты жылда 32 жаңа спорт нысаны ашылды

Қазақстанда биылғы алты ай ішінде 32 жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Ауқымды жобалардың қатарында Ақмола облысындағы Зеренді ауылында салынған жаңа кешен бар. Бұл — мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған алғашқы спорт нысаны. Мұнда еркін және қазақ күресі, ауыр атлетика, шаңғы, бокс секілді бағыттар қамтылған, жатын орын мен жаттықтырушылар кабинеті де қарастырылған.

Сондай-ақ Павлодар облысы Баянауыл ауданында көпсалалы спорт кешені ашылып, оған 25 метрлік жүзу бассейні, тоғызқұмалақ, садақ ату, бокс, волейбол, күрес секілді үйірмелер енгізілді. Жаңа кешен өңір халқы үшін үлкен мүмкіндік болып отыр.

Қыркүйекте Қызылордада халықаралық стандарттарға сай стадион іске қосылады. Астанада Қ.Мұңайтпасов атындағы жаңа стадионның құрылысы басталды, ал Ұлттық спорт университеті 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Мұнда спорт менеджерлері, жаттықтырушылар мен ғылыми мамандар даярланады. Сонымен қатар Түркістанда ескек есуге арналған жаңа арна салынып жатыр.