ШҚО мен Абайда 4 балдық жер сілкінісі тіркелді
Ашық дереккөзі

ШҚО мен Абайда 4 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі өңірдің бірқатар елді мекендерінде сезілді. Қираған нысандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 793 шақырым қашықтықта болған. Жер сілкінісі 4 балға дейінгі деңгейде тіркеліп, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының бірнеше ауданында байқалды.

Атап айтқанда, 4 баллдық тербеліс Көкпекті, Қалбатау, Қасым Қайсенов, Самар және Өскемен қаласында сезілген. Ал Глубокое, Күршім, Алтай, Риддер, Үлкен Нарын, Шемонаиха, Ақсуат, Бородулиха, Ақжар, Аягөз, Семей, Қарауыл, Буран, Үржар, Марқакөл, Жоламан, Зайсан, Мақаншы, Бесқарағай сынды елді мекендерде 2-3 балл аралығында байқалды.

Ресми дерекке сүйенсек, қирау мен зардап шеккендер тіркелмеген.