Тамыздағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
Ұлттық бірыңғай тестілеу. Фото: gov.kz

Тамыздағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

25 шілдеден бастап тамыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау басталды. Құжаттар 5 тамызға дейін онлайн қабылданады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тіркеу app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі. Ал тестілеудің өзі 10–14 тамыз аралығында өтеді.

Тамыздағы ҰБТ – ЖОО-ға ақылы негізде түсуге ниетті талапкерлер үшін қосымша мүмкіндік. Бұл ретте талапкерлер тест тапсыратын орынды, күн мен уақытты өздері таңдай алады. Бұдан бөлек, негізгі ҰБТ-ға қатысқан түлектер осы жолы бейіндік пәндер комбинациясын өзгерте алады.

Тамыз тестілеуіне ағымдағы және өткен жылғы мектеп, колледж түлектері, қандастар, шетелде білім алғандар, шығармашылық мамандықтан басқа бағыттарға ауысқысы келетіндер мен шартты түрде ЖОО-ға қабылданғандар қатыса алады.

Сондай-ақ ЖОО-да өз мамандығы бойынша ақылы негізде білімін жалғастырғысы келетін колледж түлектері арнайы әңгімелесу арқылы қабылданады. Оларды қабылдаумен университеттердің қабылдау комиссиялары айналысады.