Ауылдарда 500-ден аса медицина нысаны ашылды
Денсаулық сақтау сапасы жақсарып, ана мен бала өлімі азайып келеді. Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз мәслихатында вице-премьер Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Көшербаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде 500-ден астам ауылдық медициналық нысанның құрылысы аяқталған. Жыл соңына дейін тағы 140-тан астам амбулатория мен медпункт іске қосылады. Бұл – ауылдағы медицина қолжетімділігін арттырған маңызды қадам.
Сонымен қатар, вице-премьер медицина қызметкерлеріне қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың жиілегеніне алаңдаушылық білдірді. Қазір депутаттармен бірлесе отырып, мұндай жағдайлар үшін жазаны күшейтетін заңнамалық өзгерістер әзірленіп жатыр.