Қорғаныс министрлігі жасанды интеллект пен ашықтыққа көшті
Қазақстанда әскери қызметке шақыру процесі енді электрондық кезек арқылы жүргізіледі. Бұл жемқорлыққа жол бермей, оқуға іріктеуді барынша ашық етеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Қорғаныс министрлігі цифрлық шешімдерді белсенді енгізіп жатыр. Мәселен, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ведомствоаралық өзара іс-әрекет» модулі іске қосылды. Енді құқық қорғау органдарынан келгендер автоматты түрде әскери есепке қойылады. Былтыр 600 мыңнан астам қызмет көрсетілсе, олардың 87%-ы мобильді құрылғылар арқылы тіркелген.
Жасанды интеллектке негізделген ARMIA.KZ сервисі мен «Smart әскери комиссариат» жобасы да іске қосылды. Бұл жүйелер әскерге шақырылуға тиіс азаматтарды автоматты түрде анықтап, хабарлама жібереді. Ал «Бес қару» атты платформа қыркүйекте қолданысқа енеді. Ол жауынгерлік дайындықты жоспарлауды жеңілдетпек.
Қорғаныс саласындағы барлық бұл жаңашылдықтар отандық Defense Tech кеңсесі арқылы жүзеге асып жатыр.