Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевке телефон шалып, туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Мемлекет басшысы Мирзиёевтің Өзбекстанды дамытудағы рөлін жоғары бағалап, бауырлас халықтың игілігі үшін атқарып жатқан еңбегіне табыс тіледі. Әңгіме барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстар атап өтілді.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты өнеркәсіп, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында одан әрі күшейтуге мүдделі екенін растады. Сондай-ақ, алдағы халықаралық және екіжақты кездесулер күн тәртібі талқыланды.