Тоқаев пен Ердоған Түркияда кездеспек
Фото: Ақорда

Тоқаев пен Ердоған Түркияда кездеспек

29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Анкараға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Сапар аясында екі ел басшылары стратегиялық серіктестікті дамыту мәселесін талқылайды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысы өтеді. Бұл кездесуде сауда, экономика, қауіпсіздік және мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылға басымдық беріледі деп күтілуде.