Мақпал Жүнісова Заманбекке арналған мұражайға жеке заттарын табыстады
Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовтың туған жерінде орналасқан мектеп мұражайына оның заттарын тапсырды. Бұл жайтты әнші әлеуметтік желіде бөлісіп, естелік видеосын жариялады, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Кегендегі Заманбек Нұрқаділов ескерткішіне барып, гүл шоғын қойды. Әншінің айтуынша, жергілікті мектепке марқұм есімі беріліп, бір бөлмесі естелік мұражайға айналған. Сол мұражайға Жүнісова Заманбектің біраз жеке заттарын табыстап кеткен. Ол осы іске қолдау көрсеткен Кеген әкімшілігіне алғыс айтты.
Желі қолданушылары бұл бастаманы құптап, әншіге жүрекжарды тілектерін арнап жатыр. «Алла разы болсын, Мақпал апай!», «Игілікті іс. Аман болыңыз», «Зәкеңнің есімі мәңгі жасасын» деген жылы пікірлер жазылған.
Сонымен қатар, әнші қызы Мереймен бірге Көлсай көлдерінде демалып жүрген суреттерін жариялады. Бұған дейін ол Мерейді Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойына ертіп апарғанын айтып, бұл қадамын «жұғысты болсын» деген ырыммен байланыстырған еді.