Қазақстанда шілденің төртінші жексенбісі Сауда қызметкерлері күні ретінде атап өтіледі. Бұл – ел экономикасының ілгерілеуіне үлес қосып жүрген сала мамандарына арналған кәсіби мереке, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Сауда – халықты қажетті тауармен қамтамасыз етіп қана қоймай, экономиканың маңызды тірегі саналады. Бүгінде бұл сала қарқынды өзгеріске ұшырауда. Онлайн сауда, маркетплейстер, жеткізу сервистері мен цифрлық шешімдердің дамуы сауда қызметкерлерінен жаңаша ойлау мен үнемі білім жетілдіруді талап етеді.
Сала мамандарының кәсібилігі мен бейімделгіштігінің арқасында тұтынушылар тауарларды бұрынғыдан да ыңғайлы әрі жылдам сатып алуға мүмкіндік алып отыр. Сауда – тек тауар емес, сервистің де сапасы екенін уақыт дәлелдеп келеді.
Салада еңбек етіп жүрген жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!