Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары Анытқабір кесенесінен басталды. Президент Мұстафа Кемал Ататүріктің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық байланыс одан әрі нығаятынына сенім білдірді.
Президентпен бірге кесенеге Қазақстан делегациясының мүшелері де гүл шоғын қойып, тағзым етті.