«Қайта тірілдім»: Мөлдір Мұқанова жан тебірентерлік жазба жариялады
Актриса әрі әнші Мөлдір Мұқанова соңғы күндері өзіне көрсетілген шексіз қолдау үшін оқырмандарына алғыс айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Sportinside дерегіне сүйеніп.
Желіде жарияланған бейнежазбасында ол ауыр сөздерден жүрегі жараланғанын, бірақ жанашыр жандардың арқасында қайта күш жинап жатқанын жеткізді.
Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында бөліскен видеода былай дейді: «Соңғы күндері қолдап жатқан әрбіріңіз – сіздер мені құтқарып жатырсыздар. Мені қайта тірілтіп, қайта сендіріп жатырсыздар. Сіздер болмасаңыз – мен мұндай мықты болмас едім. Қыздар, сіздердің мейірімдеріңіз – мен үшін үлкен күш. Рахмет. Жүрегіммен».
Желі қолданушылары актрисаның бұл ашық әрі шынайы үндеуіне жауап ретінде жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Көпшілік оны «шын жүректен шыққан сөздерімен» және «адамгершілігімен» ерекше атап өткен. Жазба астына: «Сіз жалғыз емессіз», «Сіздің шынайылығыңыз – шабыт», «Күлкіңіз сөнбесін» деген секілді қолдау пікірлері қалдырылған.