«Қолымдағы құжатпен любой адамды құлатамын» – Түсіпбаева Баян Алагөзованы сынады
Суретте Меруерт Түсіпбаева мен Баян Алагөзова. Коллаж: Anyqtime.kz

«Қолымдағы құжатпен любой адамды құлатамын» – Түсіпбаева Баян Алагөзованы сынады

Актриса әрі әнші Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзова түсірген «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» телехикаясына жұмсалған бюджет қаражаты қайтарылуы керек деп есептейді, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпаратты агенттігі Todayinfo сайтына сілтеме жасап.

Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, сериал ұлттық арнадан көрсетілгендіктен, ол қарапайым халықтың салығынан түскен ақшаға түсірілген. Ал басты рөлге әкімнің қызының таңдалуы актрисаның күмәнін тудырған.

«Бұл сериал қоғамның, әсіресе зиялы қауымның қатты сынына ұшырады. Түсініксіз кастинг қалай өтті? Мен тек пікірімді айттым. Сол үшін Баян мен Бағым бастаған топ жабылып, мені балағаттап, қорлай бастады. Маған “нөлсің”, “ешкім емессің” деді. Мен Баянмен бірге оқыдым. Ол кезде мен музыка-драма бөлімінде оқып жүргенмін, ол енді ғана түскен. Қолымдағы құжатпен любой адамды құлата аламын», – деді ашуға мінген Түсіпбаева.

Ол сериалға қатысты сынды ашық айтқаны үшін өзін қаралау науқаны басталғанын да жасырмады. Қазір жеке басына тіл тигізу жиілеп кеткенін айтып, әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен қолдау сұрады.

Айта кетсек, бұған дейін актер Тұңғышбай Жаманқұлов Finx фильміне бөлінген бюджет қаржысына байланысты тергеуге тартылып, мемлекетке қаражатты қайтаруға мәжбүр болған. Алайда дәл сондай жағдайда болған Баян Алагөзоваға қатысты ешқандай шара қолданылмағаны қоғамда үлкен сұрақ тудырып отыр.