Риддерде 17 жастағы қыз үй жануарларын өлтіріп, видеоға түсірген

31 шілде, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: Бейнежазбадан скриншот

Риддер қаласында 17 жастағы қыздың үй жануарларын өлтіріп, сол әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялағаны жұртшылықты дүр сілкіндірді. Аталған бейнежазбаны көрген жергілікті белсенділер полицияға шағым түсірді, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Видео кадрларына сенсек, қыз жануарларды бауыздап, олардың дене бөліктерінен әртүрлі бұйымдар жасап отырған. Ол жасаған әрекеттерін TikTok желісіндегі жеке парақшасына жүктеген.

Қоғам тарапынан резонанс тудырған бұл жағдайға байланысты тәртіп сақшылары ресми мәлімдеме жасады.

«Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты 17 жастағы кәмелетке толмаған қыз анықталып, ата-анасымен бірге Риддер қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қыз бен оның ата-анасына заң талаптары түсіндірілді. Ал іс материалы кәмелет жасына толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды», – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Бейнежазбаның желіде таралуы қоғамда қызу талқыланып, көпшілік мұндай әрекеттерге тосқауыл қажет екенін айтып жатыр.

Тэгтер:

Риддер TikTok кәмелетке толмаған Полиция жануарларға қатыгездік