«Дәрігерлік құпия»: Сара Назарбаеваның емі жайлы тың ақпарат шықты
Суретте Сара Назарбаева. Фото: Ашық дереккөзі

«Дәрігерлік құпия»: Сара Назарбаеваның емі жайлы тың ақпарат шықты

Бұрынғы Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаева қазір де Президент істері басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде жоспарлы ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Сара Назарбаева 5 мамырда ауруханаға жатқызылған. Tengrinews жолдаған ресми сауалға жауап берген госпиталь өкілдері оның жоспарлы емдеу курсынан өтіп жатқанын мәлімдеді. Барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сай және білікті дәрігерлердің бақылауында жүргізіліп жатыр.

Алайда, Сара Алпысқызының нақты диагнозы немесе денсаулығына қатысты мәліметтер жарияланған жоқ. Госпиталь бұл жайында пікір беруден бас тартып, «мұндай ақпарат дәрігерлік құпия мен медициналық этикаға жат» екенін алға тартты.