Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген ұзатылып, тұрмысқа шығуға дайындалып жатыр. Бұл жаңалықты естіген жұртшылық екі жасқа ақ тілегін арнауда, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Құдалық рәсімі Айтбаевтар әулетінің қуанышына айналды. Салтанатты кеште сөз сөйлеген Димаштың әжесі, Қанат Айтбаевтың анасы, жүрек тебірентер сөздерімен көпшілікті толқытты.
«Дүниеге келген күнінен бастап алақаныма салып баққан құлыншағым 24 жасқа келіп, өз теңін тауып, өз шаңырағының отын тұтатып, бақытқа қадам басып отыр. Ермахан екеуі тек бақытты болсын», – деді ақ жаулықты әже.
Әлеуметтік желіде бұл жаңалық қызу талқыланды. Қолданушылар жас жұпқа бақыт тілеп, жүрекжарды тілектерін жазып жатыр.