Іздеу жалғасуда: тікұшақ экипажы әлі табылған жоқ

4 тамыз, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: Қорғаныс министрлігі

Жоғалған тікұшақ экипажын іздеу жұмыстары 11 күннен бері күрделі ауа райы мен су түбіндегі нөлдік көріну жағдайында тоқтаусыз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Іздестіру-құтқару операциясына 330-дан астам адам, ондаған техника, дрон, жүзу құралдары мен кинологиялық топтар тартылған. Қорғаныс министрлігі, ТЖМ және ІІМ мамандары күш біріктіріп, көлді әуеден шолып, жаға белдеуін және акваторияны мұқият тексеріп жатыр. Терең шөккен көл түбі мен тұрақсыз ауа райы іздеуді қиындатып отыр.

Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың тапсырмасымен құрылған арнайы комиссия бір жағынан апаттың себебін зерттеп жатса, екінші тобы іздеуге тікелей қатысуда. Комиссия мүшелері тікұшақтың техникалық құжаттарын, метео жағдайды, ұшу бағытын және орнитологиялық деректерді талдауда.

Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Асқар Ізбасовтың мәлімдеуінше, іздеу шаралары тікұшақ экипажының тағдыры анықталғанға дейін жалғасады.

Тэгтер:

Қорғаныс министрлігі тікұшақ іздеу көл экипаж