Алакөлде суға кеткен бозбаланың денесі табылды
Фото: Бейнежазбадан кескін

Алакөлде суға кеткен бозбаланың денесі табылды

Абай облысындағы Алакөл жағасында шомылуға арналмаған жерде 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Қайғылы жағдай Қабанбай ауылы маңында тіркелді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке қарағанда, бозбала жалға алынған қайықтан құтқару жилетін киместен суға секіріп, қайта шыға алмаған. Жасөспірімді іздеуге 12 маман – құтқарушылар, полицейлер мен сүңгуірлер жұмылдырылып, эхолот, дрон және төрт жүзу құралы пайдаланылды. Оның денесі 6 метр тереңдіктен табылған.

Оқиға бойынша 32 жастағы қайық иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оның қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетіп, адам өліміне себепкер болды деген күдікпен іс қозғағанын растады. Қазір тергеу жүріп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.