Айгүл Иманбаева тыныштық құпиясын айтты
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева Instagram-да тыныштық пен бақытта өмір сүру жолын бөлісіп, басты кеңесін айтты — өзіңмен үздіксіз жұмыс істеу. Желіде қызу талқы тудырған видео көпшіліктің назарын аудартты, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Өнерпаз видеода оқырмандарына өз өміріңді реттеудің кілті — өз-өзіңді дамыту екенін жеткізді. «Кітап оқығанды, тіл үйренгенді, санамды көтергенді жақсы көремін. Біреудің өмірін талқылаудың еш мәні жоқ. Кім бақытты, кім бақытсыз — ол Құдайдың құзырындағы нәрсе. Ал егер бақыт пен тыныштықта өмір сүргіңіз келсе — күн-түні дамуыңыз керек», — деді ол.
Желі қолданушыларының бір бөлігі әртістің ойымен келісе кетті: «Керемет айтылған! Айгүл жарап тұр», «Ойымыз бір жерден шықты», «Дұрыс, өзгеге емес, өзіңе көңіл бөл», — деген жылы пікірлер қалдырды.
Алайда қарсы көзқарас та аз болмады. «Ой, ақылды бола береді, дами беріңіз. Сізге де ешкімнің шаруасы жоқ. Өздеріңіз ғой бәрін салып инстаға, салмаңыз онда өзіңізбен өзіңіз», «Ой, елуге келіп құтырған, ешкімге сенің ақылың керек емес, бәрі ақылды қазір. Әрқайсымыз өз өмірімізді сүріп жатырмыз», «Бақытты, гармониядағы адамдар ештеңе салмайды инстаға, өз өмірімен өз әлемінде өмір сүріп жатыр», — деп жазғандар да болды.
Талқылау барысында «Сіздің шаруаңыз емес!» деген реңктегі пікірлер де жиілеп, жұлдыздардың жеке кеңесіне қоғамның көзқарасы әркелкі екенін аңғартты.