Блогер Ырысбала Икрамбайдан күдіктеніп, тексеруін талап етті
Коллаж: Anyqtime.kz

Блогер Ырысбала Икрамбайдан күдіктеніп, тексеруін талап етті

Қазақстанда қайырымдылықпен айналысатын танымал блогерлердің жұмысына қатысты тексерістер күшейді. Жуырда Перизат ісінен кейін бірқатар танымал тұлғаның қызметі құқық қорғау органдарының назарында екені белгілі болды, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі.

Солардың қатарында әлеуметтік желі арқылы халықтан ақша жинап, тұрмысы төмен отбасыларға үй сыйлаумен танылған Ырысбала Икрамбай да бар. Қазіргі таңда оның қайырымдылық науқандары мен жиналған қаржының жұмсалу тәртібі тексерілуде.

Бұл өте дұрыс! Тек қана Ырысбала Икрамбайды емес, бүкіл коуч-мотиватор, қайырымды жандардың барлығын тексеру керек, - деп айтты әлеуметтік желіде Диана атты блогер.

Блогер сонымен қатар өз бейнежазбасында оқырмандарына логикалық мысал келтіріп ой тастады. Оның айтуынша елімізде танымалдылығы жоқ, қарапайым жандардың өзіне қысқа уақыт ішінде миллиондап жылу жиналады.

Жақында бір кісінің жүк көлігі жанып кетіпті, сомен ол кісі елден көмек сұрап, тиктокка салған екен. Қайырымды халқымыз ол кісіге үш күнде 20 млн жинап беріпті. Бұның алдында баршамызға мәлім болған ерлі-зайыптылар да көмек сұраған еді, аттары есімде жоқ. Солар баламыздың еміне көмек керек деп қанша млн теңге жинағанын білесіздер ме? Миллион емес бір миллиардтан астам ақша жиналған, - деді блогер.

Диана осы мысалдарды келтіре отырып, қарапайым танымал емес азаматтар мен Ырысбала Икрамбайды салыстырды.

Ешкім танымайды ол жүргізушіні. Тиктокта халықтан көмек сұрап, үш күнде 20 млн жиналады. Мен ол кісіні танымаймын, көп адам танымайды. 1 млрд тенге жинаған жұбайларды да ешкім танымаған, дау шыққаннан кейін ғана таныдық. Ал енді жаңағы мен айтқан логиканы қосамыз. Қазақстанның тең жартысы танитын, оңтүстік өңірдің көпшілігі қолдайтын, танымал Ырысбала үш күнде 20-ақ млн жинайды деп ойлайсыздар ма? Мен де салғанмын соларға ақшаны. Ол жерде ешқандай қайырымдылық қордың счеті болған жоқ. Кәдімге каспи голдпен, переводпен жібере салдық, - деп ой тастады блогер