"Сана бер, сана бермесең – ала бер": Динара Майғазиева жан сырын ақтарды
Фото: Ашық дереккөзі

"Сана бер, сана бермесең – ала бер": Динара Майғазиева жан сырын ақтарды

Әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева желіде ойлы видео жариялап, «сана» мен өмірлік сабақ туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі.

Ол бейнежазбада: «Сана бер, сана бермесең – ала бер» деп бастаған ойында адамның кейде қанша айтсаң да түсінбейтінін, нағыз түсінік тек басынан өткенде келетінін айтты. «Әркім өз жолымен өтеді, өз шындығын өзі таниды. Бірақ сана болса – бәрі жеңіл өтеді. Сана болмаса – өмірдің өзі үйретеді», – деді Динара Майғазиева.

Желі қолданушылары бейжай қалмай, жылы пікір қалдырды. Көпшілік «Сөз саптауыңыз керемет, кітап сүйетініңіз көрініп тұр», «Денең тітіркеніп отырып тыңдайтын видео болды», «Даусыңыздың өзі құлаққа терапиядай әсер етті», «Осындай еркін тақырыпта да ойды жүйелі жеткізесіз», «Алла сана берсін, саналы ұрпақтан етсін» деп жазып, автордың ойын қолдады.