Нашақорлықпен күрес үшін республикалық штаб құрылды

14 тамыз, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: Primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмалары аясында Премьер-министрдің өкімімен нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіретін республикалық штаб құрылды, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Штабқа Премьер-министр басшылық етеді, ал оның орынбасарлары ретінде Үкімет басшысының орынбасары мен Ішкі істер министрі тағайындалды. Негізгі міндеті – мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресін үйлестіру, алдын алу шараларын жетілдіру, сондай-ақ тәуелді адамдарды емдеу және оңалту жүйесін дамыту.

Штаб құрамына Бас прокуратура, ҰҚК, Қаржы мониторингі агенттігі, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және бірқатар министрлік өкілдері кірді. Сонымен қатар, барлық облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік штабтар құрылмақ.

Тэгтер:

Премьер-министр нашақорлық профилактикасы есірткі қылмысы республикалық штаб алдын алу шаралары